АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА ДІН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК СЕМИНАР ӨТТІ
Алматы облыстық «Қапшағай» мешітінде дін қызметкерлерінің білімін жетілдіруге арналған оқу-әдістемелік семинар ұйымдастырылды. Семинарға діни оңалту бағытына жауапты мамандар қатысты. Семинар басында Алматы облыстық «Қапшағай» мешітінің наиб имамы Мейрамбек Ақылбекұлы РАНТ мүшесі Руслан Қайыргелдіұлын таныстырып, оқу-әдістемелік семинардың мақсаты мен маңызына тоқталды. Жиын барысында Республикалық ақпараттық-насихат тобының (РАНТ) мүшесі Руслан Қайыргелдіұлы жат діни ағымдардың алдын алу, олардың ықпалына түскен азаматтармен оңалту жұмыстарын жүргізу және түсіндіру барысында қолданылатын тиімді әдіс-тәсілдер жөнінде дәріс өткізді. Атап айтқанда, азаматтармен жеке жұмыс жүргізу, дұрыс қарым-қатынас орнату, діни мәселелерді байыппен әрі дәлелді түрде түсіндіру, жат діни көзқарастардың ерекшеліктерін ажырату және оңалту жұмысындағы дін қызметкерінің жауапкершілігі сөз болды. Қатысушылар өз тәжірибелерінде кездесетін мәселелер бойынша сұрақтарын қойып, пікір алмасты.


