БАЛҚАШ АУДАНЫНДА МЕШІТ ТЫНЫС-ТІРШІЛІГІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Алматы облысы Балқаш ауданының бас имамы Нұрдәулет Тоқанұлы Турежанов Береке ауылдық округінің әкімі Дархан Құрманғалиұлы Сүндетбаев және ауыл ақсақалдарымен кездесті.
Кездесу барысында ауыл мешітінің тыныс-тіршілігі, діни-ағарту жұмыстарының жай-күйі, жамағатпен байланысты нығайту және мешіттің алдағы жұмыс жоспарына қатысты бірқатар өзекті мәселелер талқыланды. Сондай-ақ ауыл тұрғындарының рухани бірлігін арттыру, жастар тәрбиесіне көңіл бөлу, ұлттық және діни құндылықтарды дәріптеу бағытындағы жұмыстар сөз болып, алдағы атқарылатын міндеттер жөнінде пікір алмасылды. Басқосу соңында ауыл ақсақалдары өз ұсыныс-пікірлерін ортаға салып, мешіт жұмысының жүйелі жүргізілуіне бірлесе атсалысудың маңыздылығына тоқталды.


