preloader

Жаңалықтар

ЖАТ ДІНИ АҒЫМДАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ БАҒЫТЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ

ЖАТ ДІНИ АҒЫМДАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ БАҒЫТЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Іле аудандық Сәбденұлы Өтеген батыр мешітінде жамағат арасында жат діни ағымдардың алдын алу және діни сауаттылықты арттыру бағытында тағылымды кездесу өтті. Кездесуге РАНТ мүшесі Қайыргелді Руслан Болатұлы арнайы қатысып, мешіт жамағатына жат діни ағымдар және олардың қоғамға тигізетін кері әсері туралы уағыз-насихат айтты. Кездесу барысында дәстүрлі діни құндылықтарды сақтау, дінді дұрыс әрі сенімді дереккөздерден үйренудің маңызы, діни мәселелерде білікті мамандар мен мешіт имамдарының кеңесіне жүгіну қажеттігі кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар жастардың діни сауаттылығын арттыру, әлеуметтік желілердегі күмәнді діни ақпараттардан сақтану, түрлі радикалды және деструктивті идеологиялардың арбауына түспеудің жолдары жөнінде пайдалы мағлұматтар айтылды. Жамағат тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, қазіргі қоғамдағы діни тұрақтылық пен өзара сыйластықты сақтау мәселелеріне ерекше назар аударылды. Мұндай кездесулердің басты мақсаты – дұрыс діни түсінікті қалыптастыру, діни сауаттылықты арттыру және жат діни идеологиялардың алдын алу. Алла Тағала баршамызға пайдалы білім беріп, қоғамымызға тыныштық пен береке нәсіп етсін!