preloader

Жаңалықтар

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА АУЫЛ ИМАМДАРЫНА АРНАЛҒАН СЕМИНАР ӨТТІ

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА АУЫЛ ИМАМДАРЫНА АРНАЛҒАН СЕМИНАР ӨТТІ

Алматы облысы өкілдігінің ұйымдастыруымен Талғар ауданы, Тұздыбастау ауылдық мешітінде ауыл имамдарына арналған бір күндік семинар өтті. Семинарға Алматы облысы өкілдігіне қарасты мешіттерден 50 ауыл имамы қатысып, ҚМДБ-ның концептуалды құжаттары, ислам тарихы, ақида және фиқһ бағыттары бойынша дәрістер тыңдады. Іс-шараның кіріспе бөлімінде Алматы облыстық «Қапшағай» мешітінің наиб имамы Ақжол Нұрбосынұлы дәріс оқыды. ҚМДБ-ның концептуалды құжаттары бойынша осы мешіттің наиб имамы Мейрамбек Ақылбекұлы сабақ өткізіп, құжаттарда белгіленген негізгі бағыттарды түсіндірді.Ислам тарихы мен ақида пәндерінен Талғар аудандық «Әбу Бәкір ас-Сыддық» мешітінің ұстазы Шежімбай Бағылан дәріс берді. Ал ҚМДБ-ның «Шариғат және пәтуа» бөлімі бойынша Алматы облысына жауапты ұстаз Азамат Дәулетұлы фиқһ пәнінен сабақ өткізді. Дәрістер барысында қатысушылар белсенділік танытып, тақырыптарға қатысты сауалдарын қойды. Семинар соңында сұрақ-жауап форматында пікір алмасып, өзара тәжірибе бөлісті.