preloader

Жаңалықтар

ЕҢБЕКШІҚАЗАҚ АУДАНЫНДА ИМАМДАРДЫҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУҒА АРНАЛҒАН СЕМИНАР МЕН ДӘРІСТЕР ӨТТІ

ЕҢБЕКШІҚАЗАҚ АУДАНЫНДА ИМАМДАРДЫҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУҒА АРНАЛҒАН СЕМИНАР МЕН ДӘРІСТЕР ӨТТІ

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданында дін қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында пәтуа бағыты бойынша семинар және Құран мен тәжуид ілімінен арнайы дәрістер ұйымдастырылды. Пәтуа бағыты бойынша өткен семинар барысында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы тарапынан қабылданған пәтуалар таныстырылып, олардың мазмұны мен діни қызметте қолданылу тәртібі түсіндірілді. Сонымен қатар имамдар өздерін толғандырған діни мәселелер бойынша сұрақтар қойып, тиісті жауаптар алды. Семинарға аудан бойынша 15 имам қатысты.

Сондай-ақ ауданның оқу-ағарту және Құран секторы бағытындағы жұмыстар аясында имамдардың діни білімін жетілдіруге арналған тұрақты Құран және тәжуид сабақтары өткізілуде. Кезекті дәріске қатысқан 15 имам Құран оқу және тәжуид ережелері бойынша білімдерін пысықтап, тапсырмаларын тапсырды. Аталған оқу-ағарту шараларына жауапты имам Нағашыбай Абылай жетекшілік етті. Мұндай білім жетілдіру жұмыстары дін қызметкерлерінің кәсіби даярлығын нығайтуға, Құран оқу сауаттылығын арттыруға және жамағатқа берілетін діни түсіндіру жұмыстарының сапасын жақсартуға бағытталған.