preloader

Жаңалықтар

ІЛЕ АУДАНЫНДА ИМАМДАРДЫҢ ҚҰРАН ОҚУ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУҒА АРНАЛҒАН КУРС ӨТТІ

ІЛЕ АУДАНЫНДА ИМАМДАРДЫҢ ҚҰРАН ОҚУ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУҒА АРНАЛҒАН КУРС ӨТТІ

Алматы облысы Іле ауданында мешіт имамдарының Құран оқу сауаттылығын арттыру және тәжуид ілімін жетілдіру мақсатында арнайы оқу курсы ұйымдастырылды.

Оқу барысында дін қызметкерлеріне Құран Кәрімді дұрыс әрі мәнерлеп оқу, араб әріптерінің дыбысталу ерекшеліктері, тәжуид ережелері және аяттарды оқу кезінде сақталуы тиіс негізгі қағидалар жан-жақты түсіндірілді. Сабақтар теориялық және тәжірибелік бағытта жүргізілді. Қатысушылар ұстаздың жетекшілігімен Құран аяттарын оқып, оқу барысында жіберілген қателіктерін түзетіп, тәжуид ережелерін іс жүзінде қолдану дағдыларын жетілдірді.

Аталған оқу курсы имамдардың Құран оқу деңгейін көтеруге, діни білімін тереңдетуге және мешіт жамағатына Құран ілімін дұрыс әрі сапалы үйрету бағытындағы жұмыстарды жетілдіруге арналды.

Сонымен қатар мұндай оқу-ағарту шаралары дін қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін арттырып, Құран үйрету ісінің сапасын нығайтуға ықпал етеді.