preloader

Жаңалықтар

АЛАТАУ ҚАЛАЛЫҚ «ҚОЖА АХМЕД ЯСАУИ» МЕШІТІНЕ ЖАҢА БАС ИМАМ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

АЛАТАУ ҚАЛАЛЫҚ «ҚОЖА АХМЕД ЯСАУИ» МЕШІТІНЕ ЖАҢА БАС ИМАМ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен Алматы облысы Алатау қалалық «Қожа Ахмед Ясауи» мешітіне жаңа бас имам тағайындалды.

ҚМДБ-ның 2026 жылғы 8 қазандағы №4001 бұйрығына сәйкес, бұған дейін Алматы облысы Талғар ауданы Бесағаш ауылдық «Шариф» мешітінің имамы қызметін атқарған Сламақун Асиғат 2026 жылғы 9 қазаннан бастап Алатау қалалық «Қожа Ахмед Ясауи» мешітінің бас имамы болып тағайындалды. Жаңадан тағайындалған бас имамды мешіт жамағатына Алматы облыстық «Қапшағай» мешітінің наиб имамы Ақжол Нұрбосынұлы таныстырып, жауапты қызметіне сәттілік тілеп, ізгі ниетін білдірді.

Сондай-ақ Ақжол Нұрбосынұлы мешітте «Үміт ізгілікке жетелейді» тақырыбында жұма уағызын жүргізді. Уағыз барысында Алланың рақымынан үміт үзбеу, қиындықтарға сабыр таныту, жақсылыққа ұмтылу және ізгі амалдар жасаудың маңыздылығы кеңінен насихатталды.

Осы орайда Алатау қаласының әкімі Әркен Хамитұлы Өтенов бұған дейін Алатау қалалық «Қожа Ахмед Ясауи» мешітінің бас имамы қызметін атқарған Қуаныш Жұмаханды арнайы қабылдады. Кездесу барысында қала әкімі Қуаныш Жұмаханның қаланың қоғамдық өміріне белсенді қатысып, рухани құндылықтарды насихаттауға, ел бірлігі мен ізгілік ісіне қосқан үлесін атап өтіп, Құрмет грамотасымен марапаттады.