preloader

Жаңалықтар

Қарасай ауданының бас имамы бағыттарға жауапты имамдармен кездесті

Қарасай ауданының бас имамы бағыттарға жауапты имамдармен кездесті

Алматы облысы, Қарасай ауданының бас имамы Қуаныш Жұмаханұлы аудан көлеміндегі діни бағыттарға жауапты имамдармен кездесу өткізді.
Кездесудің негізгі мақсаты – аудан мешіттерінде жүзеге асырылып жатқан діни қызмет бағыттарын жүйелеу, жұмыс сапасын арттыру және алдағы міндеттерді нақтылау.
Жиын барысында діни ағарту, уағыз-насихат, жастармен жұмыс, жат діни ағымдардың алдын алу және мешіттер арасындағы өзара байланысты нығайту мәселелеріне басымдық берілді.
Қуаныш Жұмаханұлы әр бағытқа жауапты имамдардың қызметіне тоқталып, тапсырмалардың уақытылы әрі сапалы орындалуының маңызын атап өтті. Сондай-ақ, діни қызметте бірізділікті сақтау, халықпен байланысты күшейту және жоспарланған жұмыстарды жүйелі түрде жүзеге асыру қажеттігін жеткізді.
Кездесу соңында алдағы кезеңге арналған міндеттер пысықталып, жауапты имамдарға тиісті тапсырмалар берілді.