preloader

Жаңалықтар

ТАЛҒАР АУДАНЫНДА МЕШІТ ҚЫЗМЕТКЕРІНЕ ҰМРА ҚАЖЫЛЫҒЫНА ЖОЛДАМА ТАБЫСТАЛДЫ

ТАЛҒАР АУДАНЫНДА МЕШІТ ҚЫЗМЕТКЕРІНЕ ҰМРА ҚАЖЫЛЫҒЫНА ЖОЛДАМА ТАБЫСТАЛДЫ

Алматы облысы, Талғар ауданы, Тұздыбастау ауылындағы Қоңқабайұлы Жусы ата мешітінде ҚМДБ-ның «Зекет және қайырымдылық» қорының «Ұмра-Хадж» акциясы аясында игі шара өтті. Шара барысында мешіт тазалығына көп жылдан бері жауапкершілікпен қарап, адал қызмет етіп келе жатқан Баяндина Әлия Оразқызына кіші қажылыққа жолдама сертификаты табысталды. Әлия Оразқызы 2008–2024 жылдары Зейнетолла ата мешітінде, ал 2024 жылдан бері Қоңқабайұлы Жусы ата мешітінде тазалықшы болып еңбек етіп келеді.

Аталған бастама – мешіт қызметкерлерінің еңбегін бағалап, ізгілік пен қамқорлықты дәріптеудің жарқын үлгісі. Мешіт ұжымы Әлия Оразқызына ақ жол тілеп, қасиетті сапарына аман-есен барып келуіне дұға жасады