preloader

Жаңалықтар

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА 120 БАЛАҒА ҚЫСТЫҚ КҮРТЕШЕ ТАРАТЫЛДЫ

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА 120 БАЛАҒА ҚЫСТЫҚ КҮРТЕШЕ ТАРАТЫЛДЫ

Алматы облыстық «Қапшағай» мешітінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Зекет және қайырымдылық» қорының «Жылу сыйла» қайырымдылық акциясы аясында игі шара өтті. Шара барысында әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасылардан шыққан 120 балаға арнайы қыстық күртешелер табысталды. Қайырымдылық шарасында Алматы облыстық «Қапшағай» мешітінің наиб имамы Мейрамбек Ақылбекұлы сөз сөйлеп, мұқтаж жандарға қолдау көрсетудің маңызы мен ислам дініндегі қайырымдылықтың орнына тоқталды. Сондай-ақ балаларға қамқорлық таныту мен қоғамда мейірімділік құндылықтарын дәріптеудің маңызын атап өтті.