ТАЛҒАРДА «ДІН МЕН ДӘСТҮР» КІТАПТАРЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӘЙГЕСІ ӨТТІ
Алматы облысы Талғар ауданына қарасты Тұздыбастау ауылдық мешітінде жамағат арасында «Дін мен дәстүр» кітаптарының I, II, III томдары бойынша білім бәйгесі өтті. ҚМДБ-ның «Дәстүр және отбасы» бағытының жылдық жоспары аясында ұйымдастырылған шараның ашылуында ауданның бас имамы Ринат Маратұлы сөз сөйлеп, кітап оқудың және діни білімді жетілдірудің маңыздылығына тоқталды. Білім бәйгесіне аудан мешіттерінен 10 жамағат қатысып, үш кітаптың мазмұны бойынша әзірленген тест сұрақтарына жауап берді. Нәтижесінде үздік шыққан қатысушыларға арнайы сертификаттар мен қаржылай сыйлықтар табысталды.
Бәйге жеңімпаздары:
І орын: Нұрымов Елдос Абайұлы («Зейнетулла ата» мешіті) – 30 000 теңге;
ІІ орын: Рахымбай Ысқақ («Зам-Зам» мешіті) – 20 000 теңге;
ІІІ орын: Досболат Нұрбек («Достық» ауылдық мешіті) – 10 000 теңге.
Шара соңында қатысушылар ұйымдастырушыларға алғыстарын білдіріп, игі бастаманың жалғасын табуына тілектестік танытты. Білім бәйгесі жамағаттың діни сауатын арттыруға, ұлттық құндылықтар мен дәстүр сабақтастығын насихаттауға бағытталды.


