БАЛҚАШ АУДАНЫНДА ҚҰДАЙЫ АС БЕРУ МӘДЕНИЕТІ ТУРАЛЫ НАСИХАТ АЙТЫЛДЫ
Алматы облысы, Балқаш ауданына қарасты Құйған ауылының мәдениет үйінде «Ислам және адал қоғам» жылы аясында «Құдайы ас – жарыс емес, сауап» тақырыбында тағылымды кездесу өтті.
Жиынға Алматы облыстық «Қапшағай» мешітінің наиб имамы Әбдіқадыр Ақжол Нұрбосынұлы, Балқаш ауданының бас имамы Төрежанов Нұрдәулет Тоқанұлы, ауыл имамдары мен жергілікті тұрғындар қатысты. Кездесу барысында дін қызметкерлері құдайы ас берудің шариғи негіздері, ас беру мәдениетін қалыптастыру және ысырапшылдықтың алдын алу жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ орынсыз бәсекелестіктен, даңғазалық пен артық шығыннан сақтанудың маңызы айтылды. Имамдар құдайы астың басты мақсаты жарысу немесе дүние-мүлікпен мақтану емес, марқұмдарға дұға бағыштап, сауапты амал жасау екенін атап өтті. Жиын соңында ауыл тұрғындары көкейлеріндегі сауалдарын қойып, дін мамандарынан жауап алды. Аталған кездесу діни сауаттылықты арттыруға, дін мен дәстүр сабақтастығын нығайтуға және ас беру мәдениетін қалыптастыруға бағытталды.


