«МЕДРЕСЕГЕ КӨМЕК» ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АКЦИЯСЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
Алматы облысының бас имамы Мадияр қажы Тағайбайұлының бастамасымен Талғар ауданының имамдары «Медресеге көмек» қайырымдылық акциясын ұйымдастырды. Акция аясында Үшқоңыр медресе-колледжіне 1 миллион теңге көлемінде қаржылай көмек көрсетілді.
Игі шара Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Зекет және қайырымдылық» қорының өңірлерге арналған 2026 жылғы жұмыс жоспарына сәйкес өтті.


