preloader

Жаңалықтар

ТАЛҒАР АУДАНЫНДА «ҰШЫР ЖИНАП ТАРАТУ» ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

ТАЛҒАР АУДАНЫНДА «ҰШЫР ЖИНАП ТАРАТУ» ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

Алматы облысының Талғар ауданына қарасты Белбұлақ ауылында «Ұшыр жинап тарату» қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды. Акция аясында жергілікті кәсіпкерлер алма бақтарының биылғы өнімінен ұшыр ретінде үлес бөліп, Үшқоңыр медресе-колледжіне 40 қорап алма жеткізілді. Аталған шара білім жолындағы шәкірттерге қолдау көрсетуге, ұшыр беру мәдениетін қалыптастыруға және кәсіпкерлер арасында қайырымдылық құндылықтарын дәріптеуге бағытталды. Бұл бастама ауыл шаруашылығы өнімдерінен ұшыр беру арқылы мұқтаж жандар мен діни білім алып жүрген шәкірттерге қолдау көрсетудің маңызын айқындайды.