АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘЙЕЛ-ҚЫЗДАР СЕКТОРЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ МАРАПАТТАЛДЫ
Елордада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Әйел-қыздар секторының құрылғанына 10 жыл толуына орай мерекелік марапаттау кеші өтті. Салтанатты жиынға ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы арнайы қатысып, сектордың әйел-қыздардың діни сауатын арттыру, ұрпақ тәрбиесі мен отбасы құндылықтарын насихаттау бағытында атқарған жұмыстарына тоқталды.
Мерейтой аясында ҚМДБ Әйел-қыздар секторының Алматы облысы бойынша жауапты жетекшісі Назерке Әкішқызы діни оқу-ағарту саласындағы еңбегі үшін алғыс хатымен марапатталды.
Айта кетейік, бүгінде Алматы облысында Әйел-қыздар секторының жұмысы қарқынды жүріп келеді. Әйел жамағатының діни білім деңгейі артып, рухани тәрбие беру, діни сауат ашу және отбасы құндылықтарын насихаттау бағытында жүйелі жұмыстар атқарылуда. Әйел жамағатының діни білім деңгейінің артуына және сектор жұмысының жандануына елеулі үлес қосып жүрген Назерке Әкішқызының еңбегі осылайша жоғары бағаланды.


