preloader

Жаңалықтар

КЕГЕН АУДАНЫНДА ТОЙ МЕН ҚҰДАЙЫ АС БЕРУ МӘДЕНИЕТІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

КЕГЕН АУДАНЫНДА ТОЙ МЕН ҚҰДАЙЫ АС БЕРУ МӘДЕНИЕТІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Алматы облысының Кеген ауданында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Дәстүр және отбасы» бағыты аясында «Той – тәрбие мен тағылымның ордасы» және «Құдайы ас – жарыс емес, сауап» тақырыптарында рухани-танымдық кездесу өтті. Жиынға Кеген аудандық Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Қуанышбек Төлепбердиев, аудандық Ардагерлер ұйымының төрағасы Шыңғыс Тұрсынов, аудандық Аналар алқасының төрайымы Бақытгүл Көнеева, Кеген ауданының бас имамы Әзім Сатыбалдыұлы және ауыл имамдары қатысты. Кездесу барысында қазақ халқының салт-дәстүріндегі той мен құдайы астың орны, олардың тәрбиелік және рухани мәні, сондай-ақ ысырапшылдықтың алдын алу мәселелері талқыланды.

Тойдың тек көңіл көтеретін жиын емес, ұлттық құндылықтарды дәріптейтін, ағайынның басын қосып, ұрпаққа өнеге беретін тағылымды орта екеніне назар аударылды.

Сонымен қатар құдайы ас берудің негізгі мақсаты марқұмдарға дұға бағыштап, сауапты амал жасау екені айтылып, ас беру барысында орынсыз бәсекелестікке, даңғазалыққа және шамадан тыс шығынға жол бермеудің маңызы сөз болды.