preloader

Жаңалықтар

Алматы облысының имамдары Құрбан айтқа дайындықты пысықтады

Алматы облысының имамдары Құрбан айтқа дайындықты пысықтады

Алматы облыстық орталық «Қапшағай» мешітінде Құрбан айт мерекесіне қатысты іс-шараларды пысықтау арналған жиналыс өтті.

Алматы облысының бас имамы Мадияр Тағайбайұлының төрағалық етуімен өткен жиынға Қонаев қаласы және Балқаш, Еңбекшіқазақ, Жамбыл, Кеген, Қарасай, Райымбек, Талғар, Ұйғыр, Іле аудандарының бас имамдары мен жұмыс бағыттары бойынша жауапты қызметкерлер қатысты.

Жиын барысында Мадияр Тағайбайұлы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы тарапынан құрылған Qurban2023.kz сайтының жұмысына атсалысу, құрбандық шалынатын орындарды әзірлеу, қауіпсіздік-тазалық шараларын бақылау, қасапшыларға семинар ұйымдастыру, құрбандық малының жарамдылығы мен бағасын қадағалау сияқты мәселелер бойынша нақты тапсырмалар берді.

Айта кетейік, биыл Құрбан айт мерекесінің бірінші күні 28 маусымға сәйкес келеді.