preloader

Жаңалықтар

Алматы облысының қасапшылары республикалық онлайн оқу-семинарына қатысты

Алматы облысының қасапшылары республикалық онлайн оқу-семинарына қатысты

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасымен қасапшыларға арналған республикалық онлайн оқу-семинары өткізілді.

Наиб мүфти, Шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі Сансызбай Құрбанұлы, Уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі Батыржан Берденұлы, «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы дәріс оқыған «Қасапшылық – сауапты һәм жауапты іс» атты семинарға өңіріміздің атынан Алматы облыстық орталық «Қапшағай» мешітінің наиб имамы Алихан Құндызбекұлы және «Халал Даму» ЖШС-нің Алматы облысындағы жауапты өкілі Жәнәбіл Ахметбекұлы бастаған қасапшылар қатысты.

Семинарда барлық өңірде құрбандық шалынатын орындарды әзірлеу, қауіпсіздік-тазалық шаралары, қасапшылар даярлау және оларға құрбан шалудың шариғи үкімдері мен талап-шарттары кеңінен түсіндірілді, халал стандартқа сай мал бауыздап, ет өңдеу тәртібі айтылды.