«Уақып» қоры қамқоршылар кеңесінің жиыны өтті
Елордада ҚМДБ Төрағасының орынбасары, наиб мүфти Ершат Ағыбайұлының жетекшілігімен «Уақып» қоры Қамқоршылар кеңесінің кезекті жиыны өтті.
Алқалы отырысқа Бас мүфти кеңесшісі Кенжетай Байкемелұлы, кәсіпкер-меценаттар, сонымен бірге Қамқоршылар кеңесінің өзге де мүшелері қатысты.
Алдымен наиб мүфти «Уақып» қорының қоғам үшін маңыздылығы мен жұмыс бағытын жан-жақты дамыту туралы сөз қозғады.
«Мұсылман елдеріне қарасақ, уақып қорларының қызметі діннің өркендеуіне, білім мен білікті кадр даярлау жолында аянбай еңбек етіп, қайырымдылық жолында жасап жатқан жақсылықтары жетерлік. Біздің де «Уақып» қорын үлкен дәрежеде дамытуымыз керек. Ол үшін ел ішінде насихат жұмыстарын көбейтіп, уақып садақасының қоғам үшін пайда, ақырет үшін сарқылмайтын сауап екендігін жеткізуіміз қажет» деп атап өтті наиб мүфти.
Жиын барысында «Уақып» қорының басқарма төрағасы Ардақ Нүсіпханұлы Қамқоршылар кеңесіне 2022 жылғы атқарған жұмыс есебін беріп, алдағы жылға арналған жұмыс жоспарын таныстырды.