preloader

Жаңалықтар

Жамбыл ауданының имамдарына арналған он күндік семинар басталды

Жамбыл ауданының имамдарына арналған он күндік семинар басталды

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен өткен Діни басқарманың кеңейтілген Төралқа мәжілісінде 2023 жылы атқарылатын жұмыстардың бес бағытын бекіткен болатын. Соның ішінде діни оқу-ағарту бағытына ерекше көңіл бөлу қажеттігі айтылды. Осыған орай, Алматы облысы Жамбыл ауданының имамдарына арналған он күндік семинар басталды.

Алғы сөзді алған Жамбыл ауданының бас имамы Қалжан Әрібжанұлы бұл семинардың мақсаты жайлы айта келе:

«Дана халқымыз «Ұстазы жақсының – ұстанымы мықты» дейді. Демек, білімді шәкірт дайындау үшін білікті ұстаз болу қажет. Бүгін басталып жатқан семинарымыздың басты мақсаты – ауыл имамдарының білімін жетілдіру арқылы мешіт жанындағы сауат ашу курстарында берілетін білімнің сапасын арттыру», деді.

Айта кетейік, бұған дейін осындай семинарлар Талғар және Іле аудандарында басталған болатын.