preloader

Жаңалықтар

25 студентке бір реттік шәкіртақы берілді

25 студентке бір реттік шәкіртақы берілді

ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бағдарлық баяндамасына сәйкес Алматы облысының бас имамы Мадияр Тағайбайұлының бастамасымен, Іле ауданы дін қызметкерлері және жергілікті «Зекет және қайырымдылық» қорының ұйымдастыруымен «Үш қоңыр» медресе-колледжінің бірқатар студенттеріне шәкіртақы берілді.

Жомарт жандардың демеушілігінің арқасында жүзеге асқан шара барысында Іле ауданының бас имамы Дархан Аманұлы білім ордасының шәкірттеріне облыс бас имамы Мадияр Тағайбайұлының сәлемін жеткізіп, 25 студентке 10 000 тг-ден бір реттік шәкіртақы ретінде қаржылай көмек берді.

Өз кезегінде «Зекет және қайырымдылық» қорының жергілікті өкілі Қаби Ринат білім алушыларға ілімнің артықшылығы жайлы насихат айтып, биыл оқуын аяқтайтын шәкірттерді оқуын аяқтағасын өңірімізде қызмет етуге шақырды.