Іле ауданы: «Зекет беру – әр мұсылманға парыз» тақырыбында семинар өтті
ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен өткен Діни басқарманың кеңейтілген Төралқа мәжілісінде 2023 жылы атқарылатын жұмыстардың ішінде діни білім және кадр даярлау мәселесіне ерекше көңіл бөлу керектігін айтқан болатын. Осыған орай, Алматы облысы Іле ауданының имамдарына арналған «Зекет беру – әр мұсылманға парыз» тақырыбында арнайы семинар ұйымдастырылды.
Алматы облысының бас имамы Мадияр қажы Тағайбайұлының тапсырмасына сәйкес Іле ауданының бас имамы Дархан Аманұлының ұйымдастыруымен жүзеге асқан шара барысында ҚМДБ-ға қарасты «Зекет және қайырымдылық» қорының жергілікті өкілі Қаби Ринат жергілікті дін қызметкерлеріне семинар өткізді.