Қарасай ауданының имамдарына арналған он күндік семинар басталды
ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен өткен Діни басқарманың кеңейтілген Төралқа мәжілісінде 2023 жылы атқарылатын жұмыстардың бес бағытын бекіткен болатын. Соның ішінде діни оқу-ағарту бағытына ерекше көңіл бөлу қажеттігі айтылды. Осыған орай, Алматы облысы Қарасай ауданының имамдарына арналған он күндік семинар басталды.
Алғы сөзді алған өңіріміз бойынша діни ағарту бағытына жауапты маман Сәкен Еншібайұлы осы шараға қатысушы имамдардың зейіндерінің ашылып, білімдерінің артуына тілектестігін білдірді.
Өз кезегінде Қарасай ауданының бас имамы Дәуренбек Жандосұлы бұл семинардың мақсаты дін қызметкерлерінің білімін жетілдіру арқылы, олардың сауатты қызмет етуіне ықпал жасау екенін айтып өтті.
Айта кетейік, бұған дейін осындай семинарлар Еңбекшіқазақ, Жамбыл, Талғар және Іле аудандарында өткен болатын.