Кеген, Райымбек аудандарының имамдарына арналған он күндік семинар аяқталды
ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен өткен Діни басқарманың кеңейтілген Төралқа мәжілісінде 2023 жылы атқарылатын жұмыстардың бес бағытын бекіткен болатын. Соның ішінде діни оқу-ағарту бағытына ерекше көңіл бөлу қажеттігі айтылған болатын. Осыған орай ұйымдастырылған Алматы облысы Кеген және Райымбек аудандарының имамдарына арналған он күндік семинар өз мәресіне жетті.
Алматы облысының бас имамы Мадияр қажы Тағайбайұлының тапсырмасына сәйкес Мұқыштай Серікбол қари Кеген және Райымбек аудандарының имамдарына Құран Кәрім және Тәжуид пәндерінен дәрістер өткізді.
Семинардың аяқталуына байланысты дін қызметкерлеріне сертификаттар табыс етілді.