«Ислам және ізгі қоғам» атты жиын өтті
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының кеңейтілген Төралқа мәжілісінде 2023 жыл «Ислам және ізгі қоғам» жылы деп жарияланғаны белгілі. Осы орайда Алматы облысы Талғар ауданында «Ислам және ізгі қоғам» атты жиын өтті.
Аудан имамы Нұржан Пірәліұлының бастамасымен өткен жиын барысында қоғам игілігіне бағытталған, ізгілікке бастайтын іс-шараларды көбейтіп, адамдар арасында жылулық ұялататындай игі істердің ұйытқысы болудың маңыздылығы айтылды.
Сондай-ақ, аудан бас имамы жергілікті дін қызметкерлеріне қасиетті Рамазан айында бекітілген жоспарға сай жұмыстарды атқарып, қайырымдылық шараларын жүйлі түрде ұйымдастыруды тапсырды. Өз кезегінде қатысушы имамдар ұсыныс — пікірлерін білдіріп, ойларымен бөлісті.