Бас мешітте ерекше ауызашар берілді
Кеше ҚМДБ жанындағы Республикалық бас мешітте еліміздегі Сауд Арабиясы Елшілігінің ұйымдастыруымен 500 адамға ауызашар берілді.
Ауызашар Сауд Арабиясы Ислам, дағуат және тәлімгерлік министрлігінің «Қасиетті қос мешіттің қамқоршысы» бағдарламасы аясында өтті.
Шарада құттықтау сөз сөйлеген ҚМДБ төрағасының орынбасары, наиб мүфти Ершат қажы Ағыбайұлы мен Сауд Арабиясының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Файсал бин Ханиф әл-Кахтани мырза екі елдің дін саласындағы қатынастарына маңыз беріп, аталған бағдарлама шеңберінде басталған игі істерге береке тіледі.
Айта кетсек, аталған «Қасиетті қос мешіттің қамқоршысы» бағдарламасы аясында Астана қаласындағы үш мешітте, атап айтқанда ҚМДБ жанындағы Республикалық бас мешітте 500 адамға, Әзірет Сұлтан мешітінде 500 адамға, Әл-Фараби мешітінде 250 адамға бірнеше күн бойы ауызашар берілмек.