ҚМДБ төрағасы Қызылжар жамағатына насихат айтты
Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Солтүстік Қазақстан облысына жасаған сапарын орталық Қызылжар мешітінде қорытындылап, жергілікті жамағатқа насихат айтты.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы қасиетті Рамазан айынының ұлықтығы жөнінде айтып, ынта мен ықыласты арттырып, барынша құлшылықпен өткізуге шақырды.
«Қадірлі бауырлар! Біз де ардақты Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) көрсеткен үлгі өнегесімен рамазан айының соңғы он күнін тиімді өткізге тырысып, мынадай амалдарды атқаруға ерекше мән берейік:
– Тарауық намазына қатысу;
– Құран Кәрімді осы он күн ішінде хатым ету;
– Тахажжуд (түнгі) намазды тастамай оқу.
– Садақа беру;
– Ағайын-туыспен жиі хабарласу, көршілерге жылы қабақ таныту;
– Осы он күндер ішінде жасырынған Қадір түнін күту. Себебі, қадыр түні – ерекше түн. Ол – түндердің төресі болған, мың айдан қайырлы, періштелер жерге түсіп, жер бетінде береке орнайтын кеш. Алла елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) тағы бір хадисінде: «Айлардың мырзасы – рамазан, күндердің мырзасы – жұма, түндердің мырзасы – Қадыр түні», – деген. Осы түні жасаған құлшылықтарымыз 83 жыл жасалған мінәжәттің сауабына татиды. Ал, бұл түнді жіберіп алған кісі көптеген игіліктен мақрұм қалады. Ендеше, біз де 83 жылдық ғибадаттан құр қалмауға асығайық» деді Наурызбай қажы Тағанұлы.
Бас мүфти уағыз-насихаттан соң мешіт жамағатымен бірге құптан намазына қатысып, ел амандығы үшін арнайы дұға жасады.