preloader

Мақалалар

ҚҰРБАН АЙТ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

ҚҰРБАН АЙТ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

Қадірлі жамағат!

Баршаңызды мұсылман қауымы асыға күтетін қасиетті мерекеҚұрбан айт мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!

Ұлық мерекеміз Құрбан айт адамзатты ізгілікке, жанашырлыққа, мейірім мен бауырмалдыққа үндейтін ерекше күндердің бірі. БұлАлла Тағалаға құлшылық пен мойынсұнудың, ықылас пен тақуалықтың айқын көрінісі. Құрбан шалу арқылы мұсылман баласы Жаратушының разылығына ұмтылып қана қоймай, қоғамдағы мұқтаж жандарға қамқорлық көрсетіп, ағайын арасындағы татулық пен бірлікті нығайтады.

Қасиетті Құранда Алла Тағала: «СондықтанРаббың үшін намаз оқы және құрбан шал» депбұйырадыКәусар» сүресі, 2-аят).

Құрбан айт – тек құрбандық шалумен ғанашектелетін мереке емес. Ол ренішті ұмытып, туыстық қатынасты нығайтатын, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетілетін, мұқтаж жандарға көмек берілетін берекелі мейрам. Осындай ізгі амалдар арқылы қоғамда өзара жанашырлық пен ынтымақарта түседі.

Осынау қасиетті күндерде шалған құрбандықтарымыз, жасаған дұға-тілектеріміз бен игі амалдарымыз қабыл болғай! Әр шаңыраққа амандық, молшылық, береке мен тыныштық тілеймін. Еліміз тыныш, жұртымыз аман, бірлігіміз бекем болсын!

 

Құрбан айт мерекесі баршаңызға мүбәракболсын!

 

ізгі ниетпен,

Алматы облысы бас имамы

Мадияр қажы Тағайбайұлы