preloader

Мақалалар

Рамазан – рухтың айы

Рамазан – рухтың айы

Рамазан – мұсылман қауымы үшін ең қасиетті, ең қастерлі ай. Бұл ай тек ашжүру немесе таңнан кешке дейін ішіп-жеуден тыйылу емес. Рамазан – рухтыңтәрбиелену айы, жүректің тазару айы, пенденің Раббысына жақындау айы. Алла Тағала Құран Кәрімде: «Ей, иман келтіргендер! Сендерге ораза парызетілді, бұрынғыларға парыз етілгендей. Бәлкім, тақуалыққа жетерсіңдер» («Бақара» сүресі, 183-аят) деп баяндайды. Демек, оразаның басты мақсатытақуалыққа жету, яғни Алланы әр сәтте сезіну, күнәдан сақтану, жүректітазарту.

Оразанәпсіні тәрбиелеу мектебі Адам баласының бойында нәпсі бар. Нәпсі адамды ішіп-жеуге, ләззатқа, ашуға, жалқаулыққа итермелеуі мүмкін. Рамазан айында адам осы нәпсісінтәрбиелеуді үйренеді. Аштық пен шөл арқылы сабырды меңгереді. Сабыриманның жартысы. Бір ай бойы өзін бақылаған адам рухани тұрғыдашыңдалып шығады. Ораза тек ас-суға ғана емес, жаман сөзден, ғайбаттан, өтіріктен, орынсызкүлкі мен бос әңгімеден де тыйылу екенін ұмытпауымыз керек. Пайғамбарымыз (с.а.с): «Кімде-кім жалған сөз бен жаман әрекетті тастамаса, оның ішіп-жеуден тыйылғанына Алланың мұқтаждығы жоқ» деген. Яғнишынайы оразабүкіл болмыспен ұсталған ораза.

Рамазан – Құран айы Бұл ай – Құран түскен ай. Сондықтан Рамазанда Құран оқудың, тыңдаудың, түсінуге тырысудың сауабы ерекше. Көпшілік мешіттерде тарауық намазы оқылып, Құран хатым етіледі. Бұлмұсылман жүрегін нұрландыратын, иманын күшейтетін ерекше рухани атмосфера.

Құранжүректің шипасы. Рамазан айында Құранмен жақын болған жан жылбойы рухани азық алады.

Садақа мен мейірім айы Рамазан – жомарттық айы. Аштықты сезінген адам жоқ-жітікке жанашырбола түседі. Пітір садақа беру, ауызашар жасау, мұқтаждарға көмек көрсету– осы айдың көркем амалдары. Пайғамбарымыз (с.а.с) Рамазанда ерекше жомарт болатын. Бұл айда жасалғанәрбір ізгі іс еселенген сауапқа жазылады. Сондықтан бұлқайырымдылыққаасығатын мүмкіндік айы.

Рамазан – кешірім мен тазару айы Бұл айда Жаратушының рақымы кеңінен төгіледі. Қадір түнімың айданқайырлы түн. Сол түні жасалған құлшылық, жасалған дұға ерекше қабылболады. Рамазан – өткен күнәларға тәубе етіп, жаңа парақ ашатын мүмкіндік.

Рухтың айы дегенімізжүрекке үңілу, өз-өзіңе есеп беру, кемшілікті түзеу. Бір ай бойы жасалған құлшылық адамды өзгертпесе, онда ол тек аштықболып қалуы мүмкін. Ал шынайы Рамазан – мінезді көркемдейтін, жүректіжұмсартатын, иманды күшейтетін ай.

Қасиетті айда ұстаған оразамызды, жасап жатқан ғибадаттарымызды Алла қабыл етсін!

 

Райымбек ауданы

Сүмбе ауылы “Ниязбек қажымешітінің имамы

Сәрсембиев Қуат Қабылұлы