ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!
Құрметті отандастар!
Сіздерді еліміздің басты ұлттық мерекесі – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күнімен құттықтаймын!
Бұл күн жаңа егеменді Қазақстанның құрылғанын, қазақ халқының ғасырлар бойғы асыл арманының – өз тағдыры мен тарихын дербес анықтауға қол жеткізгенін айшықтайды.
Бұл елді біріктіретін, Ұлттық Рухымызды асқақтататын, Тәуелсіз Отанымыздың өз дәстүрі мен ислам руханиятының кең қанат жайған дәуірі болды. Ана тілі, салт-дәстүрі мен мәдениеті сынды баға жетпес құндылықтары арқылы тәуелсіздіктің шоқтығы қашан да биік тұрады. Біздің еліміз де өз егемендігін алу жолында сансыз қиын кездерді еңсерді. Аллаға шүкір, бүгінгі Тәуелсіздік еліміз – халқымыз үшін үлкен бақыт.
Барша Қазақстан халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтай отырып қазақ жеріне бірлік, бейбітшілік және ырыс тілеймін.
Ұлы мереке бізге әрқашан Отанымыздың ізгілігі, келешек ұрпақтың бақытты өмірі жолындағы жарқын жетістіктерге бастайтын қайсар күш-қуат, берік сенім сыйласын!
Мереке құтты болсын!