preloader

Жаңалықтар

50 отбасыға «Айттық қоржыны» үлестірілді

50 отбасыға «Айттық қоржыны» үлестірілді

Ораза айт мерекесіне орай «Зекет және қайырымдылық» қорының өңіріміздегі өкілдігінің ұйытқы болуымен Алматы облыстық орталық «Қапшағай» мешітінде «Айттық қоржыны» атты қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды.

Ізгі шараға Алматы облысының бас имамы Мадияр қажы Тағайбайұлы, «Зекет және қайырымдылық» қорының Алматы облысы бойынша өкілі Ринат Маратұлы қатысып, жергілікті 50 отбасыға азық-түлік себеттерін үлестіріп берді. 

Облыс бас имамы Мадияр қажы Тағайбайұлы көпшілікті келе жатқан Ораза айт мерекесімен құттықтап, осы игі шараға қолдау білдірген жомарт жандарға алғыс білдірді.