preloader

Жаңалықтар

«Адал ас және тағамдық қоспалар» атты семинар өтті

«Адал ас және тағамдық қоспалар» атты семинар өтті

Балқаш ауданының бас имамы Нұрдәулет Тоқанұлының ұйытқы болуымен аудандық орталық «Оспан қожа ата» мешітінің жамағатына арналған «Адал ас және тағамдық қоспалар» атты танымдық семинар өтті.

Семинар барысында «Халал Даму» ЖШС-нің Алматы облысындағы жауапты өкілі Жәнәбіл Ахметбекұлы көпшілікке шариғатымыздағы халал мен харам түсінігі, адал астың құлшылығымыз мен күнделікті өмірімізге беретін пайдасы, харамның денсаулығымыз үшін де, ақыретіміз үшін де тигізер зиянына кеңінен тоқталып өтті.

Сондай-ақ, жамағатқа тағамдық қоспаларға қатысты соңғы шыққан пәтуалардың үкімі сияқты біраз тың мәліметтер берілді.

Шара соңында қатысушылар технолог маманға тақырыпқа сай сұрақтарын қойып, тұщымды жауаптар алды.