preloader

Жаңалықтар

Әйел-қыздар секторы 100 Құран хатым дұғасын жасады

Әйел-қыздар секторы 100 Құран хатым дұғасын жасады

Қасиетті Рамазан айының құрметіне Алматы облысында «Өнегелі отбасы» рухани кеші ұйымдастырылды.

Өңіріміздегі Әйел-қыздар секторының жетекшісі Назерке Әкішқызының ұйытқы болуымен жүзеге асқан шараға әр ауданнан шәкірттер қатысып, халқымыздың амандығы мен тыныштығын тілеп 100 Құран хатым дұғасын жасады.

Рухани шара соңы ақ дастарқан басында жалғасын тауып, жиналған көпшілікке ауызашар берілді.