Алатау қаласында «Таза Қазақстан» акциясы аясында көгалдандыру жұмыстары өтті
Алматы облысы Алатау қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 35 жылдығына орай «Таза Қазақстан» акциясы аясында Арна шағын ауданында ауқымды көгалдандыру жұмыстары ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында 100-ге жуық ағаш көшеттері отырғызылып, қала аумағын көркейту мен экологиялық ахуалды жақсартуға бағытталған жұмыстар жүргізілді.
Аталған шараға Алматы облысының бас имамы Мадияр қажы Тағайбайұлы арнайы қатысып, жиналған қауымға ізгі тілегін білдірді. Сонымен қатар, Алатау қаласы әкімінің орынбасары Гульбану Сейткеновна, Ішкі саясат бөлімінің басшысы Ардагер Өркенұлы, Қоғамдық кеңес мүшелері, №2 орта мектеп ұжымы, Талғар және Іле аудандарының бас имамдары, сондай-ақ Алатау қаласының дін қызметкерлері белсенді түрде атсалысты.
Бұл игі бастама – қоршаған ортаны қорғауға, елді мекендерді көгалдандыруға және қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған маңызды шаралардың бірі.


