preloader

Жаңалықтар

«Алланың 99 көркем есімі» кітабынан республикалық байқау өтті

«Алланың 99 көркем есімі» кітабынан республикалық байқау өтті

Алматы облысының бас имамы Мадияр Тағайбайұлының бастамасы және «Salem» еріктілер тобының ұйымдастыруымен Алла Тағаланың көркем есімдеріне арналған алғаш рет республикалық деңгейде байқау өтті.

Бір ай бойы Алматы облыстық орталық «Қапшағай» мешітінің ұстазы Бағылан Болатбекұлы имам Әбу-Хамид Әл-Ғазалидің «Алланың 99 көркем есімі» атты кітабы бойынша онлайн форматта дәріс өткізген болатын. Осы дәрістердің қорытындысында 600 шәкіртті қамтыған іріктеу кезеңінен сүрінбей өткен 10 қатысушы ақтық сында өзара мықтыны анықтады.

Нәтижесінде, І орынды Дамира Әбубәкірқызы иеленсе, ІІ орын Меруерт Біржанқызына бұйырып, ал ІІІ орынды Самодил Сабыржанқызы және Арайлым Зайлабекқызы қанағат тұтты.

Алматы облысының бас имамы Мадияр Тағайбайұлы жеңімпаздар мен жүлделі орын иегерлерін марапаттау рәсіміне қатысып, оларға сыйлықтар табыс етті.