preloader

Жаңалықтар

Алматы облыстық мешітінде Ораза айт намазы оқылды

Алматы облыстық мешітінде Ораза айт намазы оқылды

Алматы облыстық орталық «Қапшағай» мешітінде Ораза айт намазы оқылды.

Алматы облысының бас имамы Мадияр қажы Тағайбайұлы құлшылық үйіне жиналған қауымды Ораза айт мерекесімен құттықтап, жамағатпен бірге айт намазын оқыды.

Айт намазынан кейін облыс бас имамы құтпа оқып, көпшілікпен бірге дұға жасап, еліміздің амандығы мен жеріміздің тыныштығын тіледі.