preloader

Жаңалықтар

Алматы облыстық мешітінде Қадір түніне арналған рухани шара өтті

Алматы облыстық мешітінде Қадір түніне арналған рухани шара өтті

Алматы облыстық орталық «Қапшағай» мешітінде Қадір түніне арналған рухани шара ұйымдастырылды.

Алматы облысының бас имамы Мадияр қажы Тағайбайұлы құлшылық үйіне жиналған қауымды мың айдан да қайырлы түннің келуімен құттықтап, бұл мезгілдің қадір-қасиеті жайлы тұщымды уағыз айтты.

Облыстық мешіт ұстазы Абдунасыр Таирұлының имамдық етуімен тарауық намазы оқылғаннан кейін, Құран хатым дұғасын Мадияр Тағайбайұлы жасады.

Қадірлі түннің жалғасында ұстаз Сабыржан Сатылханұлы уағыз айтып, наиб имам Алихан Құндызбекұлы викториналық сұрақтар қойып, дұрыс жауап берген азаматтарға кітаптар сыйлады. Наиб имам Бағылан Болатбекұлының уағызынан кейін, жамағат нәпіл намаз оқыды.

Адамзатқа Құран Кәрімнің аяттары түсіріле бастаған қасиетті түні таң атқанша құлшылық жасаған жандар бір-біріне оқылған дұға-тілектері қабыл болуын айтып тарқасты.