preloader

Жаңалықтар

Алматы облыстық мешітіне жаңа наиб имам тағайындалды

Алматы облыстық мешітіне жаңа наиб имам тағайындалды

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен Алматы облыстық орталық «Қапшағай» мешітінің ұжымы тағы бір білімді де білікті наиб имаммен толықты.

Жұма намазының алдында​ облыс бас имамы​ Мадияр Тағайбайұлы құлшылық үйінің ұжымы және жамағатына Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығын оқып, жаңадан тағайындалған наиб имам Қаби Ринат Маратұлын таныстырды.

Қаби Ринат Маратұлы бұған дейін Іле ауданына қарасты Ынтымақ ауылында орналасқан «Біләл ибн Раббаһ» мешітінде имам болып қызмет атқарған еді.