preloader

Жаңалықтар

Алматы облыстық орталық мешітінде Ораза айт мерекесі атап өтілді

Алматы облыстық орталық мешітінде Ораза айт мерекесі атап өтілді

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Алматы облысы бойынша өкілдігі және Алматы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы Ораза айт мерекесіне орай ауқымды мерекелік шара ұйымдастырды.

Алғы сөзді Алматы облысының бас имамы Мадияр Тағайбайұлы алып, жиналған көпшілікті береке мен ізгіліктің бастауы болған Ораза айт мерекесімен құттықтап, спорттық жарыстарға қатысушыларға сәттілік тіледі.

Мерекелік шара барысында садақ ату, арқан тартыс, гір көтеру, қол күрес сынды ұлттық ойын түрлерінен сайыстар өтіп, жеңімпаздар мен жүлделі орын иегерлеріне мақтау қағаздары мен медальдар табыс етілді.

Бұдан бөлек, 200 адамға арналған палау әзірленіп, үлестірілсе, облыстық мешіт ауласында тігілген киіз үйде ақсақалдарға және қала қонақтарына арнайы дастарқан жайылды.