preloader

Жаңалықтар

Алматы облысы дін қызметкерлерінің аттестациясы аяқталды

Алматы облысы дін қызметкерлерінің аттестациясы аяқталды

«Үшқоңыр» медресе-колледжінде өткен Алматы облысы дін қызметкерлерінің республикалық кезекті аттестациясы аяқталды.

Шараны жоғары деңгейде өткізу үшін құрылған аттестаттау комиссиясының құрамында ҚМДБ төрағасының орынбасары, наиб мүфти Кенжеәлі Қоңыратбайұлы, Бас мүфтидің кеңесшісі Кенжетай Байкемелұлы, Діни оңалту бөлімінің меңгерушісі Хасан Ташайұлы, Шариғат және пәтуа бөлімінің маманы Бауыржан Әбдуәлі сияқты дін мамандары болды.

Сынақ нәтижелері бойынша 64 дін қызметкерін басқа қызметке тағайындау туралы ұсыныс берілді.

Аттестацияның алғашқы кезеңі тестілеу жүйесі бойынша өтті. Сынақ барысында дін қызметкерлеріне ақида, фиқһ, Ислам тарихы, әкімшілік жүйе (заң) тақырыптары бойынша сұрақтар топтастырылған билеттер ұсынылды.

Екінші кезеңде имамдар мен ұстаздар ауызша сұрақ-жауап бойынша сынақ тапсырды. Бұл кезеңде дін қызметкерлері қырағат, тәжуид, хадис, дін мен дәстүр және ҚМДБ бекіткен коцептуалды құжаттар бойынша қойылған сұрақтарға жауап беріп, өз білімдерін ортаға салды.

5 күнге созылатын республикалық аттестацияға Қонаев қаласы, Балқаш, Еңбекшіқазақ, Жамбыл, Кеген, Қарасай, Райымбек, Талғар, Ұйғыр, Іле аудандарында жұмыс істейтін 400 ден астам дін қызметкері қатысты.