preloader

Жаңалықтар

Алматы облысы имамдарының алқалы жиыны өтті

Алматы облысы имамдарының алқалы жиыны өтті

Алматы облыстық орталық мешітінде өңір имамдарының алқалы жиыны өтті.

Облыс бас имамы Мадияр Тағайбайұлының төрағалық етуімен өткен жиынға Қонаев қаласы және Балқаш, Еңбекшіқазақ, Жамбыл, Кеген, Қарасай, Райымбек, Талғар, Ұйғыр, Іле аудандарының  бас имамдары мен жұмыс бағыттары бойынша жауапты қызметкерлері қатысып, 2023 жылға арналған өкілдік жоспарымен танысты.

Облыс бас имамы ҚМДБ Төралқа мәжілісіндегі Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бағдарлық баяндамасы негізінде түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, биылғы жылы басымдық берілген 5 жұмыс бағыты («Дін мен дәстүр», «Ізгі қоғам», «Ихсан және насихат», «Діни оқу-ағарту» және «Жат діни ағымдардан сақтандыру») бойынша атқарылатын іс-шараларға ерекше көңіл бөлуді тапсырды.

Сонымен қатар әлеуметтік желілерде белсенділік таныту, пәтуа беру, жамағат сұрағына жауап беру жұмыстарын бір ізге түсіру, мұқтаж отбасыларға көлемді түрде көмек көрсету шараларын жолға қою жүктелді.

Осы жылды ерекше қарқынмен бастаған өңір имамдарының алдағы атқаратын жұмыстарынан күтер үміті мол.