preloader

Жаңалықтар

Алматы облысында пәтуа жауапкершілігі тақырыбында семинар өтті

Алматы облысында пәтуа жауапкершілігі тақырыбында семинар өтті

Алматы облысының бас имамы Мадияр қажы Тағайбайұлы облыс бойынша пәтуаға жауапты мамандармен арнайы жиналыс өткізіп, пәтуа беру ісіндегі жауапкершілік мәселелерін талқылады.

Кездесу барысында шариғи үкім шығарудағы дәлдік, діни жауапкершілік, халыққа дұрыс әрі бірізді пәтуа жеткізу және ҚМДБ бекіткен тәртіптерді сақтау мәселелері кеңінен сөз болды.

Семинарда пәтуа беру – үлкен аманат екені, сондықтан әрбір жауапты маманның білім мен дәлелге сүйеніп, асығыстық пен қателікке жол бермеуі қажет екені атап өтілді.

Жиын соңында қатысушылар өзара пікір алмасып, тәжірибелерімен бөлісті.