Алматы облысының дін қызметкерлері имамдар форумына қатысты
Алматы облысының дін қызметкерлері Астана қаласында өткен «Имам – ізгі қоғам жаршысы» тақырыбында ұйымдастырылған V республикалық имамдар форумына қатысты.
Қазақстан мұсылмандарының қара шаңырағы – Діни басқарманың ғимаратында өткен ауқымды шараға Алматы облысының бас имамы Мадияр қажы Тағайбайұлы бастаған аудан имамдары және жұмыс бағыттары бойынша жауапты мамандар қатысып, «Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының рухани (діни және ұлттық) құндылықтарды насихаттаудағы рөлі», «Имамның жамағат намазын өткізу тәртібі» және «Қажының рухани келбеті» сияқты маңызды құжаттардың қабылдау сәтінің куәсі болды.