preloader

Жаңалықтар

Алматы облысының мешіттері «Өткенге құрмет – тіріге міндет» шарасына үн қосты

Алматы облысының мешіттері «Өткенге құрмет – тіріге міндет» шарасына үн қосты

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 2023 жылғы айтулы шаралар жоспарына сай, «Өткенге құрмет – тіріге міндет» тақырыбында «QАМQOR-SHARAPAT» салттық қызмет көрсету орталығының ұйымдастыруымен 29 сәуір күні еліміздің барлық аумағындағы зират басына тазалық жұмыстары жүргізілді. Осы ізгі істен Алматы облысына қарасты мешіттер де қалыс қалмады.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы «QAMQOR-SHARAPAT» салттық қызмет көрсету орталығының Алматы облысындағы филиалының директоры Әлікен Жұмағалиұлының ұйытқы болуымен өңірімізге қарасты зираттарда тазалық жұмыстары жүргізілді.

Мешіттердің дін қызметкерлері мен ерікті жамағат қатысқан игі шараға кәсіпкер азаматтар және атқарушы билік қажетті техниканы ұйымдастыруға көмек көрсетті.