preloader

Жаңалықтар

Алматы облысының шәкірттері Құран байқауында жүлделі орындарға ие болды

Алматы облысының шәкірттері Құран байқауында жүлделі орындарға ие болды

Бүгін Алматыда ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының қатысуымен Құранды жатқа оқудан қыздар арасындағы ІІІ республикалық байқаудың марапаттау рәсімі өтті.

Байқау қорытындысы бойынша қазылар алқасының шешімімен жеңіс тұғырынан көрінген қари қыздардың ішінде өңірімізден барған Абдуллаева Дилдора толық Құранды жатқа оқудан (30 пара бойынша) 3 орынға, ал Казенова Амина 10 пара аталымы бойынша І орынға ие болды.