Алматыда «Сопылық сыры» кітабының тұсаукесер рәсімі өтті
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Алматы қаласына барған сапарында Нұр-Мүбәрак университетінде «Сопылық сыры» кітабының тұсаукесер рәсіміне қатысты.
«Өздеріңіз жақсы білесіздер, қазір жастар арасында кітап оқу үрдісі қалыптасып келеді. Жалпы жұртшылық тарапынан ізгілік, имандылық, адамгершілік тақырыбында жазылған кітаптарға деген сұраныс жыл сайын артып келеді.
Біз халқымыздың рухани сұранысын қанағаттандыру мақсатында бүгінге дейін төл баспамыз «MUFTIYAT» баспасынан рухани, діни, мотивациялық бағытта, сонымен қатар дәстүріміз бен салтымызды дәріптейтін 50-ге жуық кітап шығарып, халыққа мейлінше таратып келеміз. Мақсатымыз – діни ағартушылық бағыттағы жұмыстарымызды жандандыру.
Оқырманға жол тартып отырған кезекті «Сопылық сыры» еңбегіміз сіз бен біздің жандүниемізге үлкен рухани азық боларына сенімдімін. Өйткені кез келген кітап оқырманның дүниетанымын байытып қана қоймай, түйсігін жақсылыққа өзгертеді» деп атап өтті Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы.