preloader

Жаңалықтар

«Аталар мектебі – тәрбие негізі» атты семинар өтті

«Аталар мектебі – тәрбие негізі» атты семинар өтті

Балқаш аудандық мәдениет үйінде «Аталар мектебі – тәрбие негізі» атты семинар ұйымдастырылды.

Алқалы жиынға Алматы облысының бас имамы Мадияр қажы Тағайбайұлы, Балқаш ауданы әкімінің орынбасары Азат Үкітайұлы, облыстық Дін істері басқармасы Ақпараттық-түсіндіру жұмысы орталығының бөлім басшысы Қанат Сессияұлы, облысымыз бойынша Ислам және қоғам бағытына жауапты Ақылбек Ербатырұлы, аудан ақсақалдары және дін қызметкерлері қатысты.

Басқосуда баяндама жасаған облыс бас имамы: «Халқымыз «Атадан бала тусайшы, ата жолын қусайшы» деп, атадан балаға мұра болып келе жатқан жақсы қасиеттерді келер ұрпақтың бойына сіңіріп, ізгілікке тәрбиелеуге тырысқан» дей келе, даналықтың көзіне айналған қадірлі қарияларымыздың тәрбиесін ұмытпауға шақырды.

Мінберде сөз сөйлеген өзге де баяндамашылар ақсақалдарымызды құрметтеп, олардың үмітін ақтауға үндеді.