preloader

Жаңалықтар

Балқаш ауданы имамдарының кезекті жиналысы өтті

Балқаш ауданы имамдарының кезекті жиналысы өтті

Балқаш аудандық орталық «Оспанқожа ата» мешітінде ауыл имамдарының кезекті жиналысы өтті.

Балқаш ауданының бас имамы Нұрдәулет Тоқанұлының төрағалық етуімен өткен басқосуда ҚМДБ-ның Алматы облысы бойынша өкілдігі тарапынан берілген тапсырмалардың уақытылы әрі сапалы орындалуы сөз болды.

Сондай-ақ, Нұрдәулет Тоқанұлы жергілікті елді мекендерде қызмет етіп тұрған мешіттер мен жаңадан салынып жатқан құлшылық үйлерінің құжаттарын ретке келтіруді тапсырды.