preloader

Жаңалықтар

БАЛҚАШ АУДАНЫНДА ДІНИ ОҚУ-АҒАРТУ БАҒЫТЫНДА ТАҒЫЛЫМДЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

БАЛҚАШ АУДАНЫНДА ДІНИ ОҚУ-АҒАРТУ БАҒЫТЫНДА ТАҒЫЛЫМДЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Алматы облысы Балқаш ауданында аудан имамдарының қатысуымен діни оқу-ағарту бағыты бойынша тағылымды кездесу ұйымдастырылды.

Кездесудің негізгі мақсаты – дін қызметкерлерінің діни білімін жетілдіру, кәсіби біліктілігін арттыру, мешіттердегі оқу-ағарту жұмыстарын жүйелі жүргізу және халыққа діни ақпаратты дұрыс әрі сауатты жеткізудің тиімді жолдарын талқылау.

Жиын барысында діни білім берудің маңызы, мешіттердегі оқу-ағарту жұмыстарын ұйымдастыру, жамағатпен байланысты нығайту және тұрғындардың діни сауаттылығын арттыру мәселелері сөз болды. Сонымен қатар имамдар өзара тәжірибе алмасып, уағыз-насихат жұмыстарының сапасын арттыру мен рухани-ағартушылық қызметті жетілдіру бағытында пікір алмасты.

Кездесуге қатысушылар саладағы өзекті мәселелерді ортаға салып, діни оқу-ағарту жұмыстарын одан әрі жүйелі жүргізуге қатысты ұсыныстарын білдірді.

Тағылымды кездесуді Балқаш аудандық «Оспанқожа ата» мешітінің бас имамы Нұрдәулет Тоқанұлы Турежанов ұйымдастырды.

Жиын қорытындысында дін қызметкерлерінің білімін тұрақты жетілдіру – сапалы діни қызмет пен нәтижелі ағартушылық жұмыстың маңызды негізі екені атап өтілді.