preloader

Жаңалықтар

Балқаш ауданының имамдары Рамазанға дайындықты пысықтады

Балқаш ауданының имамдары Рамазанға дайындықты пысықтады

Берекелі Рамазан айының жақындауына байланысты Балқаш аудандық орталық «Оспанқожа ата» мешітінде арнайы жиын өтті.

Балқаш ауданының бас имамы Нұрдәулет Тоқанұлының төрағалық етуімен өткен басқосуда ҚМДБ-ның Алматы облысы бойынша өкілдігі тарапынан берілген тапсырмалардың уақытылы әрі сапалы орындалуы сөз болды.

Сондай-ақ, аудан бас имамы жергілікті елді мекен имамдарына келе жатқан Рамазан айына дайындықты барынша пысықтап, ұлық айда атқарылуы тиіс шараларға ерекше көңіл бөлуді тапсырды.